blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінің шәкірттері арасында білім сайысы өтті

Ақшұқыр ауылдық мешітінің шәкірттері арасында «Алланың көркем 99 есімін жатқа оқу»  рухани сайыс өтті.

Шараның басты мақсаты – жастардың діни білімін арттыру, Алланың көркем есімдерін жаттауға және оның мағынасын терең түсінуге баулу.

Сайысқа жалпы 20 қатысушы қатысып, өз білімдері мен дайындықтарын көрсетті. Қатысушылар Алланың 99 есімін жатқа айтуымен қатар, олардың мағыналарын түсіндіруде де белсенділік танытты.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

1-орын – Саматұлы Ерасыл

2-орын – Амандық

3-орын – Бали Хесам

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.