blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті

Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі шараның басты мақсаты – Рамазан айындағы мейірім мен жанашырлықты дәріптеп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету. Акция аясында ауылдағы 30 аз қамтылған отбасыға азық-түлік өнімдері таратылып, оларға қасиетті айдың берекесі мен қуанышы сыйланды.

Қайырымдылық шарасы – мұсылман жұртшылығының бірлік пен бауырмалдыққа үндейтін игі дәстүрінің көрінісі. Осындай ізгі бастамалар қоғамда мейірім мен жанашырлықтың артуына үлес қосып, Рамазан айының рухани құндылықтарын кеңінен насихаттауға септігін тигізеді.

Алла Тағала жасалған қайырлы істерді қабыл етіп, барша мұсылман қауымына береке-бірлік нәсіп етсін!