blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде Құран жарысы өтті

Қасиетті Рамазан айында Ақшұқыр ауылдық мешітінде Асар ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен, Асарұлы Қырымқұл атамызды еске алуға арналған Құран Кәрімнің 29–30 параларын жатқа оқу бойынша ерлер арасында сайыс өтті.

Аталған рухани шара қасиетті айдағы имандылықты арттырып, Құранға деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған тағылымды басқосу болды. Сайыс барысында қатысушылар қасиетті аяттарды жатқа әрі тәжуид талаптарына сай мәнерлеп оқудан өзара бақ сынасты.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің», – деп өсиет еткен. Осы хадис аясында өткен сайыс жас буынның діни сауатын арттырып, рухани дамуына серпін берді.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

1-орын – Нұрғазыұлы Нұрдәулет (50 000 теңге)

2-орын – Амандық Айшуақ (30 000 теңге)

3-орын – Нұр Дастан (20 000 теңге)

Сонымен қатар, бірқатар қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Көркем оқу» номинациясы Берікұлы МұхаммедӘминге, «Жас қатысушы» Ермаханұлы Ахлиддинге, ал «Мықты тәжуид иесі» Күмісқали Айбарға табысталды.

Жалпы сайысқа 20 үміткер қатысып, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.