blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде қажылыққа дайындық семинары өтті

Ақшұқыр ауылдық мешітінде қажылық құлшылығына дайындық мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды. Тағылымды жиынға мешіт жамағаты қатысып, қасиетті сапарға қатысты маңызды мәліметтер алды.

Семинар барысында Ақшұқыр ауылдық мешітінің наиб имамы Хафиз Қожасте қажылықтың парыздары мен шарттарын жан-жақты түсіндіріп, құлшылықтың мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қажылық сапарына дайындық, ниет ету, рәсімдерді дұрыс орындау мәселелері кеңінен баяндалды.

Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерге нақты жауап алды.