blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Пәтуа сағаты»өтті

Қасиетті Рамазан айында Ақшұқыр ауылдық мешітінде құптан намазынан кейін жамағатқа «Пәтуа сағаты» өтті.

Мешітте өткен «Пәтуа сағаты» аясында мешіттің бас имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы жамағатқа «Құмар және лотерея ойындарының үкімі» тақырыбында насихат айтты.

Дәріс барысында имам Ислам дінінде құмар ойындардың зияны мен оның шариғаттағы үкімі жайында түсіндіріп, адал ризық табудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, діни тұрғыда кеңестерін жеткізді.