Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Пәтуа сағаты»өтті
Ақшұқыр мешітінің имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы құптан намазының алдында жамағатқа арнайы «Пәтуа сағатын» өткізді.
Пәтуа сағатында қазіргі таңда жиі қойылатын мәселелердің бірі — «Жануарлардың аталық ұрығын сатудың үкімі» тақырыбы жан-жақты түсіндіріліп, шариғаттағы үкімі мен ғұламалардың көзқарастары баяндалды. Сондай-ақ жамағатқа, пайдалы мәліметтер ұсынылды.
Алла Тағала баршамызға дінімізді дұрыс түсініп, білімімізді арттыруды нәсіп етсін!
