blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде Пәтуа сағаты өтті

Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы жамағатқа Пәтуа сағатын өткізді.

Кездесу барысында  мешіт бас имамы «Жан-жануарлардың ағзасын адамдарға трансплантациялаудың үкімі» тақырыбында пәтуа беріп, қатысушыларға діни тұрғыдан түсіндірді. Жиында мұсылмандардың өмірдегі заманауи медициналық мәселелерге қатысты ұстанымдары мен діннің көзқарасы жан-жақты талқыланды.