blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешіт ұйымдастыруымен футболдан шағын турнир өтті

Ақшұқыр ауылдық мешіті және «Асар Ата» рухани білім беру орталығының ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсы шәкірттерінің арасында шағын футболан турнир өткізілді.

Жарысты өткізудегі мақсат — салауатты өмір салтын насихаттау және балалардың демалыс күндерін пайдалы өткізуге бағытталған. Қызықты әрі тартысты өткен жарысқа 50 білім алушы шәкірттер қатысты. Өзара 10 командаға бөлініп, жеңімпаздар анықталды.