![blog Images](https://beket-ata.kz/wp-content/uploads/2023/03/3a43f51f-12b4-4d79-ad63-e30fbbf38bd9.jpg)
![blog Images](https://beket-ata.kz/wp-content/uploads/2023/03/3a43f51f-12b4-4d79-ad63-e30fbbf38bd9.jpg)
Ақ жаулықты аналарға «Qamqor-Sharapat» қызметі түсіндірілді
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өткен «Ізгі ана – берекелі қоғам негізі» атты шара барысында салттық қызмет көрсету жұмысымен айналысатын «Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің қызметі көпшілікке түсіндірілді.
«Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме жұмысын апа-әжелерімізге таныстырып, оның басты мақсаты – жерлеу рәсімін шариғатқа сай атқару, ысырапшылдыққа жол бермеу, жаназа және жерлеу рәсімінде бірізділікті қалыптастыру болып табылатынын айтып өтті.