blog Images

«Ақ бата» атты бата беруден сайыс өтті

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде «Ақ бата» атты бата беру сайысы ұйымдастырылды.

Батагөй ақсақалдардың арасынан жеңімпаз таңдау төрелігі Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Іздібай Бегенұлы, «Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамдары Байкенже Серікбайұлы мен Ержан Бахитжанұлына берілді.

Әділ қазылар сайысқа қатысушыларды бата мазмұны, орындау шеберлігі, жатқа айтуы сияқты критерийлері негізінде бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Дүйсенбай Наурызбайұлы жеңіп алса, ІІ орын Оралбек Асылбекұлына, ал ІІІ Жұмырбаев Қуандық ақсақалға бұйырды.