blog Images

Аппақ елді мекенінде намазхана іргетасы қаланды

Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Аппақ елді мекенінде намазхана ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті.

Шараға Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің азаншысы Әли Қазақ, Қарақия ауданының бас имамы Руслан Сержанұлы, Күреңтай Ізбергенов, Асан Қылышбайұлы, Марат Дүйсенұлы сияқты ақсақалдарымыз бен ауыл азаматтары қатысты.

Игі іс басында ақ дастарқан жайылып, қасиетті Құран аяттары оқылып, дұға жасалды. Осыдан кейін қариялар бата беріп, құрылыс жұмыстарының сәтті аяқталуына байланысты тілектестігін білдірді.