blog Images

«Алланың 99 көркем есімі» атты жарыс өтті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде жергілікті құлшылық үйлерінің әйел-қыздар жамағаты арасында сайыс ұйымдастырылды.

Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа және қазақша мағынасымен оқудан өткен жарысқа орталық «Әбіш қожа» мешітінен 2 топ, қалалық «Шаңырақ ш/а» мешітінен 1 топ, Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінен 1 топ және Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінен 1 топ қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды «Бәдиғ» тобы («Әбіш қожа» мешіті) иеленіп, ІІ орынға «Фаттах» тобы («Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті) табан тіресе, ІІІ орын «Хафиза» тобына («Әбіш қожа» мешіті) бұйырды.

Аталмыш шара аясында кішкентай қыз шәкірттер де өз білімдерін ортаға салып, түрлі сыйлықтарға ие болды.