blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: Шағбан айының құрметіне дастарқан жайылды

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жанындағы Жастар ісі секторы Шағбан айының құрметіне жамағаттың отырысын ұйымдастырды.

Шара барысында «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Әбдімүтәліп Жорақұлұлының ұйытқы болуымен қол күрес жарысы өткізілді.

Жарыс нәтижесінде І орынды Түркменбай Азамат жеңіп алса, ІІ орын Адай Жеңісбекке, ал ІІІ орын Балабатыр Абдуссоматқа бұйырды.

Жүлделі орын иегерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табыс етілді.