«АЙ СҰЛТАНЫ – РАМАЗАН» ХАБАРЫНДА «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»НАСИХАТТАЛДЫ
Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау TV телеарнасының «Ай сұлтаны – Рамазан» бағдарламасында арнайы сұхбат түсірілді.
Бағдарлама қонағы ретінде Батыр ауылдық «Келімберді ахун» мешітінің имамы Абдуллаұлы Амидулла қатысып, «Ислам дініндегі отбасы құндылығы» тақырыбында тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.
Сұхбат барысында имам отбасының қоғамдағы орны, ата-ана жауапкершілігі және бала тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Рамазан айының отбасы арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты арттырудағы рөлі атап өтілді.