blog Images

«Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінің шәкірттері мұражай аралады

Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінің жанында діни сауатын ашып жүрген шәкірттер Басшы Айжанақұлы ағамыздың үйінің маңында орналасқан отбасылық мұражайды аралады.

Мешіт имамы Ұзақбай Түркменбайұлы балаларға экскурсия ұйымдастырып, мұражайдағы құнды жәдігерлермен таныстырды. Осы шараның арқасында шәкірттер халқымыздың өткен ғасырда пайдаланған тұрмыстық заттары мен үй жиһаздарын көріп, туған өлкесінің тарихы туралы мол мағлұматтар алуға мүмкіндік алды.