blog Images

«Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешіті: Рағайып түнінің құрметіне дастарқан жайылды

Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінде Рағайып түнінің құрметіне дастарқан жайылып, нәпіл ораза ұстаушы жамағатқа ауызашар берілді.

Рухани шара барысында мешіт имамы Ұзақбай Түркменбайұлы Ережеп айының қадыр-қасиеті, Рағайып түнінің ерекшелігі жайлы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, сауапқа толы бұл айды жақсы амалдармен өткізуге шақырды.

Ережеп айының бірінші бейсенбі күнін жұма күніне жалғайтын түн «Рағайып түні» деп аталады. Рағайып түнінде мұсылман қауымы күндіз ораза ұстап, мұқтаждарға қызмет етіп, түнде Раббысын зікір етіп, нәпіл намаздар оқиды. Нәпіл намаздардан осы түні әсіресе қажет намазын мол оқыған абзал. Алладан кешірім сұрап, тәубемізге келуіміз шарт.