blog Images

«Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешіті: Ораза айт мерекесі атап өтілді

Ораза айт мерекесіне орай Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінде арнайы бағдарлама ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Ұзақбай Түркменбайұлының бастамасымен жүзеге асқан шара барысында елді мекен тұрғындары қазақша күрес, гір көтеру және өзге де ұлттық ойын түрлерінен сайыстарға қатысты.

Сондай-ақ, дәстүрімізге сай айтшылап келген жамағат үшін киіз тігіліп, мерекелік дастарқан жайылды.