

«Әжелер мектебінің» кезекті жиыны өтті
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанынан «Әжелер мектебінің» кезекті отырысы ұйымдастырылды.
«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында өткен шараға «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы, қажы апалар, ұстаздар және қыз-келіншектер қатысты.
Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы Жансая Қалбекқызы асыл дініміздегі қыз баланың тәрбиесіне тоқталса, Ұлдаулет Қоңыратбайқызы ислам дініндегі қыз баланың әдебі, сондай-ақ отбасылық құндылықтарға қатысты насихат айтты.
Өз кезегінде ақ жаулықты әжелеріміз қыз-келіншектердің сұрақтарына жауап беріп, ене мен келін татулығы тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты.
Отырыс соңында жиналған көпшілікке ҚМДБ тарапынан мақұлданған отбасы тақырыбына арналған кітаптар сыйға берілді.