blog Images

«Әс-Сәләм»мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті

Форт-Шевченко қаласына қарасты Баутин ауылындағы «Әс-Сәләм» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.

Игі іс-шара барысында мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында 16 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – Рамазан айында мейірім мен жанашырлықты арттырып, мұқтаж жандарға көмек көрсету. Осындай сауапты іске үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірілді.