«Әль-Хаким»мешітінің ауласында ағаш көшеттері отырғызылды
Халқымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаған. Осы игі қағиданы негізге алған «Әл-Хаким» мешітінің қызметкерлері мен жамағаты бірлесе отырып, мешіт ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында мешіт аумағы тазартылып, айналасы көркейтіліп, жаңа ағаш көшеттері отырғызылды. Жамағаттың ауызбіршілігімен жүзеге асқан бұл бастама – табиғатты аялаудың, қоршаған ортаны көркейтудің және сауапты істі дәріптеудің жарқын көрінісі болды.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, мұндай игі істер жамағат арасындағы татулықты нығайтып, көпке үлгі болары сөзсіз. Отырғызылған әрбір тал – келешекке қалдырылған аманат, ұрпаққа мирас болар жасыл мұра.
