blog Images

«Әль-Хаким»мешітінде жамағат арасында білім сайысы өтті

Әл-Хаким мешітінің ұйымдастыруымен  «Ихсан ілімі» кітабы бойынша білім сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс тест форматында өтіп, қатысушылардың діни білім деңгейін арттыруға бағытталды.

Байқау барысында үміткерлер өз білімдерін сынға салып, сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Нәтижесінде үздік деп танылған жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Аталған шара жамағат арасында білімге деген қызығушылықты арттырып, рухани дамуға серпін берді.