«Әль-Хаким»мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді
«Әль-Хаким »мешітінде тазалық пен тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны көркейту мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенді қатысып, мешіт аумағын тазалау, айналаны ретке келтіру, жалпы тазалық жұмыстарын жүргізді. Ортақ іске жұмыла атсалысқан жамағат ұйымшылдық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Аталған игі шара қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қаланың көркеюіне үлес қосу мақсатында өткізілді.
