«Әль-Хаким»мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті
Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында әлеуметтік аз қамтылған 15 отбасыға азық-түлік себеттері таратылып, оларға қолдау көрсетілді.
Шараның басты мақсаты – қасиетті айда мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыру. Мешіт қызметкерлері барша тұрғындарды Рамазан айымен құттықтап, отбасыларына береке мен амандық тіледі.
