blog Images

«Әл-Хаким» мешітінің жамағатына «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында уағыз айтылды

Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы Айғабыл Дәуірханұлы жергілікті жамағатқа «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Айғабыл Дәуірханұлы ағамыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан 2023 жыл «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялағанын атап өтіп, жиналған көпшілікті жақсылыққа үндеп, жаман іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

«Әл-Хаким» мешітіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты, бес уақыт намаз ескі мешітте оқылып жатқандығын айта кеткеніміз жөн.