blog Images

«Әль-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен Жарапазан сайысы өтті

Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйінде «Әль -Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен  қасиетті Рамазан айының құрметіне орай балалар арасында Жарапазан сайысы ұйымдастырылды.

Ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған сайыста балалар жарапазан жырын айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың барлығы белсенділік танытып, Рамазан айының рухани маңызын жырға қосты.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.