blog Images

«Әл-Хаким» мешітінде жөндеу жұмыстары басталды

Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлының бастамасымен және жергілікті жомарт жандардың қолдауымен жүзеге асып жатқан жұмыстар барысында құлшылық үйінің ішкі бөлмелері толықтай жөндеуден өтеді деп күтілуде.