blog Images

Әль-Хаким мешітінде жамағатпен Рамазан айына дайындық жиыны өтті

Қызылтөбе ауылдық Әль-Хаким мешітінде жамағатпен қасиетті Рамазан айына дайындық жиыны ұйымдастырылды.

Жиынға РАНТ мүшесі, Ар-Рахман мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы қатысып, шағбан айының қасиеті мен Рамазан айына дайындық жайында насихат айтты. РАНТ мүшесі жамағатқа ораза, намаз және рухани тәрбиеге байланысты маңызды мәселелерді түсіндіріп, халықты ай бойы ізгі амалдарға шақырды.

Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ел амандығы мен берекесі үшін дұға жасалды.