blog Images

Әл-Хаким мешітінде Республика күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

Республика күніне орай  Қызылтөбе ауылдық Әл-Хаким мешітінде игі іс-шара ұйымдастырылып, 10 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – қоғамдағы аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру, сонымен қатар мереке қарсаңында бірлік пен мейірім құндылықтарын насихаттау.

Іс-шара барысында мешіттің имамы Шындәулетұлы Дінмұхаммед жиналған жамағатқа Тәуелсіздіктің қадірі, елдің бірлігі және мұқтажға көмектесудің сауабы туралы тағылымды насихат айтты.