blog Images

«Әл-Хаким» мешітінде Ораза айт намазы оқылды

Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде Ораза айт намазы оқылды.

Мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды Ораза айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен бірге айт намазын оқыды. Намаздан кейін имам құтпа оқып, көпшілікпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.