blog Images

«Әл-Хаким» мешіті «Рамазанда бір тал ек» жобасына үн қосты

Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай құлшылық үйінің ауласына 5 түп шырша ағашы отырғызылды.