«Әл-Хаким» мешіті «Рамазан қоржыны» жобасына үлес қосты
Қасиетті Рамазан айының құрметіне Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара аясында мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлы құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттерін табыстады.
Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!