blog Images

«Әл-Хаким» мешіті: Ораза айт мерекесі атап өтілді

Ораза айт мерекесіне орай Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде арнайы бағдарлама ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан шара барысында елді мекен тұрғындары арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес сынды ұлттық ойын түрлерінен сайыстарға қатысты.

Аталмыш сайыстардың жеңімпаздары мен жүлделі орын иегерлеріне арнайы сыйлықтар табыс етілді.