blog Images

«Әл-Хаким» мешіті: Наиб имам өрт сөндірушілермен кездесті

Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің наиб имамы Дінмұхаммед Шындәулетұлы жергілікті өрт сөндіру бөлімінде болды.

Мекеме қызметкерлерімен өткен кездесу барысында Дінмұхаммед Шындәулетұлы «Ішімдіктің зияны» деген тақырыпта насихат айтып, арақ-шараптың жекелеген адамға ғана емес, оның отбасына, ортасына да тигізетін кері әсеріне тоқталып өтті.