«Әл-Хаким» мешіті 7 отбасыға қайырымдылық жасады
Ораза айт мерекесінің құрметіне Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешіті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі шара барысында мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлы және жергілікті дін қызметкерлері жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 7 жанұяға бір айлық азық-түлік қоржындарын үлестірді.
Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің ұжымы осы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!