blog Images

«Әл-Хаким» мешіті 20 баланы қуанышқа бөледі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде «Рамазан базарлығы» шарасы ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлының бастамасымен жүзеге асқан шарада жас ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында 20 балаға тәттілер салынған базарлық қорапшалары үлестірілді.

Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!