«Әйел сұлу — әдебімен»атты семинар өтті
Маңғыстау облысының әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Әйел — сұлу қашанда әдебімен» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің бас имамы Ануар қажы Ізімбайұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әйел қыздар Секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Алматы қаласы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлмира Ілесбайқызы және де Маңғыстау облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы, ақ жаулықты аналарымыз бен қыз- келіншектер қатысты.
Семинар алғы сөзін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастап берді. Ары қарай Пайғамбарымыз дың (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) : «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды» — деген хадисін тілге тиек еткен Динара Құтқожақызы отбасының құндылығы, әйел әдептілігініің маңыздылығына тоқталды. Гүлмира Ілесбайқызы өз кезегінде Ер мен әйелдің отбасындағы рөлі , отбасындағы ажырасу себептері мен оның алдын алу жолдары тақырыбында өзекті мәселелер ді қозғады. Ұлдаулет Қоңыратбайқызы өз кезегінде өңірімізге арнайы келген ұстаздарымызға алғысын білдірді. Жиын соңында ұстаздар жамағаттың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.