blog Images

Әйел-қыздар жамағаты арасында сайыс өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Наурыз мейрамына орай арнайы сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс барысында қатысушылар «Қызға қырық үйден тыйым», «Азан шақырып, балаға есім қою», «Бесікке салу» және «Тұсаукесер» дәстүрлерін көрсетті. Сонымен қатар, әр топ үйлерінен дайындап әкелген ұлттық тағам түрлерін ортаға ұсынды.

Осыдан кейін ақ жаулықты әжелер ұршық үйірсе, жас қыз-келіншектер дін мен дәстүр тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді.

Нәтижесінде І орынды «Ержан Хазірет» мешітінің жамағаты иеленсе, ІІ орын облыстық «Бекет ата» мешіті және Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешіті, ал ІІІ орын Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің жамағатына бұйырды.

«Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы дін мен дәстүр сабақтастығының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға алғыс айтып, жүлделі орын иегерлеріне бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Көктемнің шуақты мерекесіне арналған шара ақ дастарқан басында жалғасын тапты.