blog Images

«Әйел-қыздар» секторының жиналысы өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жергілікті «Әйел-қыздар» секторының жиналысы өтті.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының төрағалығымен өткен жиналысқан өңірімізге қарасты қала және аудан мешіттерінің әйел ұстаздары қатысты.

Жиналыс барысында Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі қызметіне облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Ұлдаулет Қоңыратбайқызының тағайындалғанын хабарлап, жұмысына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Ұлдаулет Қоңыратбайқызы ұстаздарды «Әйел-қыздар» секторының 2023 жылғы жоспарымен таныстырып, дін мен дәстүр сабақтастығы, қоғамдық және мәдени, қайырымдылық шараларының көптеп ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, бірқатар тапсырмалар берді.

Жиналыс қорытындысында әйел-ұстаздар 2022 жылы атқарылған жұмыстарға байланысты өз пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.