blog Images

Әйел-қыздар секторының 2026 жылға арналған алғашқы басқосуы өтті

Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының 2026 жылға арналған алғашқы жиыны өтті.

Басқосуда Маңғыстау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы жиынға қатысқан ұстаздарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасын қысқаша таныстырып, әйел жамағатына қатысты негізгі тапсырмаларға кеңінен тоқталды.

Жиын барысында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылатын жұмыс жоспары қаралып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын рухани-ағартушылық, қоғамдық және ақпараттық бағыттағы іс-шаралардың мазмұны мен орындалу тәртібі талқыланды. Сонымен қатар ұстаздарға бірқатар нақты міндеттер мен тапсырмалар жүктелді.

Аталған жиынға Маңғыстау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы және облыстың әйел ұстаздары қатысты.