Әйел-қыздар секторы:»Исламдағы бала тәрбиесі» атты семинар өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Исламдағы бала тәрбиесі» атты семинар өтті.
Семинардың алғы сөзін бастаған Маңғыстау облысының әйел-қыздар сектор жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы Пайғамбарымыз Мухаммедтің ( оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бала тәрбиесіне қатысты хадистеріне тоқталып, Исламдағы жанұя тақырыбында насихат айтты . Семинарға арнайы шақырылған психолог маман Сандуғаш Сүндетқызы «Баламен бақытты қарым қатынас құру » тақырыбында тренинг жүргізді. Сандуғаш Сүндетқызы баланың жас ерекшеліктеріне байланысты мінез құлықтарындағы өзгерістерге , баламен қарым- қатынастағы қиындықтарды атап өтіп, дұрыс қарым қатынас жасаудың жолдарына тоқталды. Семинар соңында мамандар жамағаттардың сұрақтарына жауап берді.