blog Images

Әйел-қыздар секторы: «21 ғасырдағы әйел» атты рухани кездесу өтті

ҚМДБ Маңғыстау облысы өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «21 ғасырдағы әйел» атты рухани кездесу өтті.
Кездесуге арнайы шақырылған қарым-қатынас бойынша коуч , психолог маманы Жұлдыз Омарханқызы «Әйел неге қиналады?»,
«Әйелдердің типтері және олардың қарым-қатынастағы рөлдері»,»Гормонияға толы қарым-қатынасқа қалай жетеміз?» тақырыптарында психологиялық кеңес берді. Өңіріміздің әйел- қыздар сектор жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы “Исламдағы әйел мәртебесі”, “Исламдағы әйелдің рөлі” тақырыптарында уағыз- насихат айтты.