Әйел-қыздар секторы балалар үйіне көмек көрсетті
Мүбәрак айдың соңғы күні Маңғыстау облысына қарасты «Әйел-қыздар» секторы «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесіне барды.
Алғы сөзді алған «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы мекеме ұжымы мен тәрбиеленушілерін келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады. Тәрбиешілерге ризашылығын білдіріп, жұмыстарына береке тілеп, ауыз ашар тәттілерін табыстады.
Мекемеде тәлім алып жатқан балаларға жаңа киім-кешек және арнайы базарлық үлестірілді. Бұдан бөлек, Маңғыстау облыстық қуыршақ театры бүлдіршіндерге арнап «Айжан әжейдің ертегі» атты қойылым қойды.
Өз кезегінде Облыстық мамандандырылған балалар үйінің басшылығы Ұлдаулет Қоңыратбайқызы бастаған еріктілерге алғысын білдірді.