blog Images

«Әбіш қожа»мешітінде қуғын-сүргін құрбандарының рухына Құран бағышталды

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай  Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінде ел тәуелсіздігі мен бостандығы жолында құрбан болған боздақтардың рухына бағышталып Құран оқылып, дұға жасалды.

Жиынға қалалық әкімдігі, қала ақсақалдары қатысты. Жиын барысында мешіттің наиб имамы Өтеген Берік ғасырдың алғашқы жартысындағы нәубеттің қазақ халқына әкелген қасіреті туралы атап өтті. Алаш арыстары мен жазықсыз жапа шеккен мыңдаған отандастарымыздың есімін ұлықтау – бүгінгі бейбіт күннің қадірін білуге және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге септігін тигізеді.