«Әбіш қожа»мешітінде қалалық деңгейде хадис сайысы өтті
Жаңаөзен қалалық орталық «Әбішқожа» мешітінде «Пайғамбар сөзі – өсиет» атты қалалық деңгейдегі хадис жарысы ұйымдастырылды.
Жарыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, хадистерді жатқа айту және олардың мазмұнын түсіндіру арқылы өз білімдерін көрсетті.
Қорытынды кезеңде үздік шыққан қатысушыларға қаржылай сыйлықтар және арнайы сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, қазылық еткен имамдарға да алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар ұсынылды.
Рухани мәнге толы бұл шара жас буынның білімге құштарлығын арттырып, хадистерді үйренуге ынталандырды.




