«Әбіш қожа»мешітінде «Бір айда -бір кітап»жобасы бойынша білім сайысы өтті
Жаңаөзен қалалық «Әбіш қожа» мешітінде «Бір айда -бір кітап» жобасы аясында қала тұрғындары арасында білім сайысы өтті.
Білім сайысында «Иман негіздері» кітабы бойынша мазмұндық сұрақтар болды.
Қатысушылар бір ай бойы оқыған кітаптары бойынша тест бойынша білімдерін сынады.
Сайыста жеңімпаз атанған жандарға алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.Бұдан бөлек, жақсы нәтиже көрсеткен 10 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
