«Әбіш қожа»мешітінде балалар күніне орай мерекелік шара өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінде бүлдіршіндерге арналған мерекелік шара өтті.
Балалар — біздің болашағымыз, көзіміздің ағы мен қарасы. Осы айтулы мерекеде балалардың жүзіне күлкі ұялатып, оларға ұмытылмас сәт сыйлау мақсатында мешіт ұжымының ұйымдастыруымен арнайы игі шара қолға алынды.
Шарада балаларға қызықты ойындар ойнатылып ынталандыру және марапаттау сертификаттары,Мерекелік сыйлықтар таратылды.
Жазғы демалыс алдында көтеріңкі көңіл-күй сыйланып сыйлықтар үлестірілді.