blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:Қыздар арасында Құран жарысы өтті

Мәуліт мерекесіне орай Жаңаөзен қалалық орталық «Әбішқожа» мешітінде қыздар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Рухани мәні зор сайыс «Нәс»және «Зілзала»сүрелері бойынша өтті.Жарысқа жас ерекшеліктері әртүрлі қыздар қатысты.Қатысушылардың дұрыс қырағаты, тәджуид ережелерін сақтауы, көркем оқуы мен мәнеріне қазылар алқасы әділ бағасын берді.

Шараның негізгі мақсаты – жас өрендердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, имандылыққа тәрбиелеу және Алланың сөзіне жақын болуға ынталандыру еді. Сондай-ақ Мәуліт мерекесі аясында ұйымдастырылған бұл сайыс қыздарға рухани қуат беріп, жүректерінде Алла мен елшісіне деген сүйіспеншілікті күшейтті.

Жарыс соңында жеңімпаз атанған қыздарға қаржылай сыйлықтар, бағалы сыйлықтар және арнайы сертификаттар табысталды. Қатысушылардың барлығы да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, мешіт атынан алғыс білдірілді.