blog Images

«Әбіш қожа» мешітінің жылдық жоспары бекітілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде 2023 жылдың алғашқы жиыны өткізіліп, жұмыс жоспары бекітілді.

«Әбіш қожа» мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы құлшылық үйінің қызметкерлеріне ҚМДБ тарапынан бекітілген дәстүрлі бағыттар бойынша жұмыстарға ерекше көңіл бөлуге, табанды әрі жігерлі болуға үндеді.

Бұдан бөлек ​оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық іс-шаралары, дәстүрлі емес діни ағымдармен жұмыс және өзге де мешіт қызметінің салалары бойынша жауапты имамдар мен ұстаздардың пікірлері тыңдалып, ойлары ортаға салынды.