blog Images

«Әбіш қожа» мешітінің шәкіртіне кіші қажылыққа жолдама берілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде ерекше шара өтті.

Құлшылық үйінің жамағатының қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы «мешіт құсы» Мырзалиев Бердібек бауырымызға кіші қажылыққа жолдама табыс етіп, жылы лебізін білдірді.