blog Images

«Әбіш қожа» мешітінің имамы дөңгелек үстелге қатысты

Жаңаөзен қаласы №1 «Ақбота бөбекжайы» МКҚК мекемесінің қызметкерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.»Тұрмыстық зорлық змбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер» тақырыбында өткен жиынға Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Жорақұлұлы Әбдәлмүтәліп қатысты.

Шара барысында мешіт  имамы мекеме қызметкекерлері жиналған әйелдер қауымына отбасындағы  зорлық-зомбылықтың алдын алу,балалардың құқығын қорғау,кибербуллингтің алдын алу  бойынша насихат айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әйелдердің тарапынан туындаған отбасы мәселесіне қатысты маңызды сауалдарға жауап берді.